Көкшетауда жаңа элеватор іске қосылды

Көкшетауда жаңа элеватор іске қосылды

Көкшетауда жаңа элеватор іске қосылды
ашық дереккөзі
Көкшетауда жаңа элеватор іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көкшетаудың іргесіндегі Станционный кентінде ашылған «Агро KZ -2017» ЖШС-ы элеваторының қуаты 18 мың тонна астықты қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, астықтың ылғалдылығы мен температурасын бақылайтын жүйе мен кептіргіш жəне желдеткіш қарастырылған. Серіктестік басшысы Юрий Дурников элеватордың автокөлік жəне теміржолдың бойында орналасқандықтан астықты қабылдап, жөнелтуге ыңғайлы екенін айтуда. «Біз жақын маңдағы шаруалардың астығын қабылдап, Қазақстанның өзге өңірлері мен Ресейге экспортқа жөнелтетін боламыз», - дейді «Агро KZ -2017» ЖШС директоры Юрий Дурников. Жаңа элеватор жергілікті 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.