Еуроодақ Украинаға көмекті күшейтеді

Еуроодақ Украинаға көмекті күшейтеді

Еуроодақ Украинаға көмекті күшейтеді
ашық дереккөзі
Еуроодақ Ресейдің басқыншылық әрекетіне байланысты Украинаға қосымша көмек береді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұндай мәлімдеме одаққа мүше елдер басшыларының Брюссельдегі саммитінде жасалды. Онда Еуроодақ Азов теңізі мен Керчь бұғазындағы жағдайға алаңдаушылығын білдіретіні айтылды. Осы ретте ұйым өзінің көмек бағдарламасының бір бөлігін Украинаның шығысындағы аймақтарға бағыттауды қарастырып отыр. Еске сала кетейік, қарашаның 25-і күні ресейлік шекарашылар Керчь бұғазында Украинаның 3 әскери кемесін ұстады. Мәскеудің мәлімдеуінше, олар шекараны бұзған. Бірақ Киев олардың халықаралық құқық негізінде әрекет етіп, еш заңбұзушылыққа бармағанын айтып отыр.