Роза Рымбаева Мәскеуде марапатқа ие болды

Роза Рымбаева Мәскеуде марапатқа ие болды

Роза Рымбаева Мәскеуде марапатқа ие болды
ашық дереккөзі
Роза Рымбаева Мәскеуде «Национальное величие» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24». «Мәдениетті дамытуға қосқан сүбелі үлесі және өз ісіне адалдығы үшін» Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Ресейдің «Национальное величие» сыйлығымен марапатталды. Әншінің инстаграм парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудің Кремль Мемлекеттік сарайында өткен. «Национальное величие» («Ұлттық айбын») сыйлығы тәуелсіз қоғамдық сыйлық болып табылады. Ол ресейлік және шетелдік қайраткерлерді ынталандыру мақсатында беріледі. 30 қараша күні Кремль сарайына Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес лидерлері, ЕАЭО мүше елдерінің алдыңғы қатарлы кәсіпкерлері жиналды. Салтанатты марапаттау рәсімі Ресей эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Айта кетe керек, өткен жылдарда гроссмейстер А.Е. Карпов, мәнерлеп сырғанау бойынша еңбек сіңірген бапкер Т.А. Тарасова, халық әртістері А.Б. Джигарханян мен Ю.М. Соломин марапатталған болатын.