Еңбек мигранттары: 1607 азамат туберкулезге шалдыққан

Еңбек мигранттары: 1607 азамат туберкулезге шалдыққан

Еңбек мигранттары: 1607 азамат туберкулезге шалдыққан
ашық дереккөзі
Соңғы жылдары Қазақстанға жұмыс іздеп келетін шетелдік тұрғындар саны артып отыр. Елімізде жыл басынан бері 360 мыңнан астам еңбек мигранты тіркелген. Оның 10 мыңға жуығы Көші-қон туралы заңды бұзғаны үшін ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылса, 2 жарым мың жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Көші-қон туралы заңына сәйкес, әр қазақстандық азамат сырттан ең көп дегенде 5 еңбек мигрантын жұмысқа жұмылдыруға құқылы. «Алайда олардың қызмет мерзімін асырып алу жағдайлары көбеймесе, азаймай отыр», ‒ дейді құзырлы комитет өкілдері. Сала мамандары жұмыс іздеп келген мигранттарды заң аясында маусымдық жұмыстарға қабылдап, олардың денсаулық жағдайына да мән беруге шақырды. «Біріншіден, келгенде 5 күн ішінде уақытша тіркеуге қоясыз. Содан кейін дәрігерлік медициналық тексеріс өткізеді. Сосын салық төлейсіздер. Әр айға 2 айлық есептік көрсеткіштен. 1-3 айға дейін мерзімге алуға болады. Сосын көші-қон полициясына барасыз, сол жерден дактилоскопия іздерін алады. Содан кейін көші-қон полициясының рұқсаты беріледі», ‒ дейді ҚР ІІМ Көші-қон комитетінің аға инспекторы Манарбек Тұрлыбекұлы. Соңғы 4 жылда елде 44 мың шетелдік мигрант медициналық тексерістен өткен. Диаг­ностика нәтижесінде 1 мың 607 азаматтың құрт ауруына шалдыққаны белгілі болды. Дерт анықталғалы бір жыл ішінде емделмесе, жұқпалы ауру осынша уақыт аралығында 10-15 адамға тарауы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жалпы туберкулез дерті әлемде өлімге себепші 10 негізгі фактордың қатарына жатады. Өткен жылы аталған ауруға 10 млн адам шалдықса, оның 1 млн 600 мыңы көз жұмған.