Индонезияда 87 адам түрмеден қашып кетті

Индонезияда 87 адам түрмеден қашып кетті

Индонезияда 87 адам түрмеден қашып кетті
ашық дереккөзі
Индонезия полициясы елдің батысындағы Банда-Ачех қаласында түрмеден қашып кеткен 87 адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» Associated Press сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, олар 720 сотталушыға намаз оқу үшін камерадан шығуға рұқсат берілген уақытта қашып кеткен. «Олар күзетшілерді ұрып-соғып, байлап кеткен. Алайда күзетшілер қатты жараланбаған», деп атап өтті АР. Барлығы 113 адам қашпақ болған, алайда олардың 26-сы ұсталып қалған, ал 87-сі қазір бостандықта жүр. Банда-Ачеха қаласының полициясы жолдарды жауып, қашқындарды іздестіріп жатыр.