Цифрландыру сәтті жүзеге асырылуда

Цифрландыру сәтті жүзеге асырылуда

Цифрландыру сәтті жүзеге асырылуда
ашық дереккөзі
Ел дамуы үшін өндіріске озық технологиялар мен инновациялар енгізу басты міндеттердің бірі. Елбасы қабылдаған «Цифрлы Қа­зақстан» бағ­­дарламасы осыған апарар даңғыл жол деуге негіз бар. Өйткені, ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру, кез келген салаға цифрлы технологияны ендіріп, IT мамандарды даярлау бағдарламаның маңызды бөлігі. Жамбыл облысындағы 14-шағын ауданында орналасқан ІТ лицей интернатына барған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа осы бағыттағы жүйелі жұмыстар таныстырылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Смарт Тараз» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба 5 негізгі бағытты қамтиды. Бірінші «Қауіпсіздік» – өңірде бірыңғай диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінге дейін 467 бейнебақылау камералары орнатылса,  жедел қызмет көрсету орталығы жаңғыртылғаннан кейін барлығы 602 камера орнату жоспарда бар. Ал транспорт және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, енді қағазсыз ауруханалар қатары артып, мектептер 100 пайыз компьютерлендіріледі деп күтілуде. Кітапханалар да цифрлануда.  Ал әзірге 11 ауыл интернет желісіне қосылса, келер жылы 65 ауыл-аймақты қамту жоспарланған. Тағы бір жағымды жаңалық – «Тараз HUB» жаңа инновациялық орталғы  1 желтоқсан күні өз жұмысын бастамақшы. Мұнда ІТ мамандарын даярлаумен қатар, оқушылар мен мұғалімдердің қалауы бойынша робототехника, 3Д модельдеу және веб програмалау бойынша оқытады. Премьер-министр ІТ лицейді аралап, ондағы сабақ үрдісін көріп шықты.  Қазір мұнда 7-8-сыныпта конкурспен қабылданған 120 бала оқуда. 3 тілді меңгерген 25 ұстаз  жұмыс істейді. Жаратылыстану бағытындағы пәндер  ағылшын тілінде өткізіледі. Сондай-ақ, 32 орындық жатақханасы мен асхана бар, қосымша үйірмелер де жұмыс істейді. Бағдарлама аясында аймақта тағы үш жоба, яғни «ақылды балабақша», «ақылды мектеп» және «ақылды колледж» жобалары іске асырылып жатқанын айта кету керек. Облыстағы  мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен 51 колледж 100 пайыз автоматтандырылса, 119 мектеп цифрлы жүйеге көшірілген. Жыл соңына дейін қалған 320 мектепке де бұл жүйе толығымен енгізілмекші. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтың жасалуы және тұтынушылардың жиналған қаржының  жұмсалуы әлі күнге дейін ашық еместігін атап өткен еді. Жолдаудағы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін  Инвестициялар және даму министірлігі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру: ашықтық және сапа» тақырыбында кешенді жоспар құрып, жауапты мамандарға жүктеген болатын. Осы мақсатта Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бастаған жұмысшы топ Жамбыл облысына  іс-сапармен келді. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан қонақтар бірқатар нысандарды аралап көрді. Инвесторларға қызмет көрсету орталығында жұмысшы тобы   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығыдағы цифрландырумен  танысты. Бүгінде «109» қызметі, «Бірыңғай төлем орталығы», «Ақылды жарықтандыру», «Тараз су» жүйесін автоматтандыру бойынша жобалар жасалған. Келесі нысан  «Жамбыл-жарық Сауда» мекемесінде «Smart citу»  тұжырымдамасы назарға алынды. Мұнда инфрақұрылымды  және жылу, су бөлу жүйелерін автоматтандырылмақ.  Сонымен  қатар,  «Тараз су» мекемесі де  су бөлу жүйелерін толықтай автоматтандыруға көшіруге ниетті.  Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тараздағы жылыту магистралдарының құрылысы көрсетілді. Сондай ақ, комитет төрағасы «Ақылды үй» пилотты жобасы аясындағы  есептеуіш құралдарының жертөледегі құрылысымен танысты. Жалпыүйлік есептеуіш  құралдары орнатылған жағдайда тұрғындар 36%-ға аз ақы төлейді деп сендіреді мамандар. Қазір “Е-Шаңырақ” бірыңғай ақпарат жүйесі жасалып жатыр. Коммуналдық шығындарды  жоғары деңгейдегі “ақылды құралдармен” есептеу  тиімді көрінеді.  Осындай бастамалармен танысқан жұмысшы тобы  15 ықшам ауданға да ат басын бұрды. Мұнда  «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында құрылыс жүруде. Сан саланың тынысымен танысқан жұмысшы тобы Тараздың көркіті жерлерін де көрді. Жаңғырған саябақтар мен жаңадан ашылған аллеяларды аралады. Іс-сапар соңы алқалы жиынмен қортындыланды. 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні, ТКШ-н цифрлы технологияға көшіру жұмыстары жандана түсетін болады.