Аграрлық салаға көрсетілер қолдау мол

Аграрлық салаға көрсетілер қолдау мол

Аграрлық салаға көрсетілер қолдау мол
ашық дереккөзі
Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысының Жуалы ауданында соңғы жылдары өндіріс өнімдерінің көлемі артып келеді. Дегенмен, мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарға деп бөлінген қаражат белгіленген мерзімінде толық игерілмей келеді.  Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеевтің аталған ауданға іс-сапары барысында айтылды. Жуалы ауданындағы бірқатар ірі шаруа қожалықтардың жұмыс тынысымен танысқан Мұратхан Шүкеев  «Бурный сыр зауытына» барды. Жыл басынан бері бұл кәсіпорын 600 тоннадан астам дайын өнім түрлерін шығарған. Оның 200 тоннадан астамы тек шет елдерге экспортталған. Аталған ауданда жыл санап сүт өнімдерін өңдейтін цехтардың қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Сапасы да барлық талаптарға сай келеді. Соның бірі – «Жуалы сүт өнімдері» кәсіпорны. Жобаның құны 75 миллион теңгені құрайды. Шаруа қожалықтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жыл сайын артпаса, төмендемейді. Дегенмен, аудандағы сала басшыларымен өткен кездесуде кейбір шаруашылықтар бөлінген қаржыға қол жеткізе алмай отырғандығы айтылды. Сондықтан, облыс әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды. Бұдан бөлек, жиында ауылшаруашылығының сабақтас салалары  қаралды. Табиғи ресурстарды қорғау, жер телімдерін реттеу мен ветеринариялық қызметтерді жетілдіру мәселелеріде талқыға түсті. Айта кетейік, жексенбі Жамбыл өңірінде ауыл шаруашылығы мамандары  төл мерекелерін сән-салтанатымен атап өткен болатын.  Аймақта  ауыл шаруашылығы саласы өңірдің экномикасы мен өркендеуіне жоғары деңгейде қомақты үлес қосып келеді.  Жиында облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков  Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, осы салада тер төгіп, еселі еңбек етіп  жүрген бірқатар азаматтарды  марапаттады. Елбасы Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру негізгі міндетін қойған болатын. Осы орайда, облысымыздың агросаласындағы даму қарқыны Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Жамбылдық мыңдаған шаруалар ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді.  Бүгін сол еткен еңбек пен төккен тердің бағаланған күні. Жүздерінен қуаныш ескен  еңбек ардагерлері,  шаурақожалық жетекшілері, ауыл еңбеккерлері, шағын кәсіпорын басшылары бас қосты. Жалпы, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласына – 17,6 миллиард теңге қаржы бөлінген. Ал, субсидияларға – 11миллион  880 мың  теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 230 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104 пайызға жеткен. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 136 миллиард  мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 92,3 миллиард теңгеге айналған.  Жиында   өңіріміздің он ауданы бойынша ең үздік шаруақожалығы таңдалынып алында. Сонымен үздік үштік  қатарынан Т.Рысқұлов, Меркі, Жамбыл аудандары шаруақожалықтары көрінді. Мұнан өзге салаға серпін беріп, өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің алғыс хаттары және төсбелгімен марапатталды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған жиын соңы мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ, өңірде ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында үнемі ауыл шаруашылығы өнімдерінің  жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Оған облыстың барлық аудандарынан келген тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – шаһар тұрғындарын тиімді бағада сатылатын ауылшаруашылық  өнімдерімен қамтамасыз ету. Мәселен, бұл жолы ет өнімдеріне деген сұраныс жоғары болғандықтан, халықтың басым көпшілігіне арзан бағада ұсынылған төрт түліктің етін алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, тараздықтар үшін ұсынылған  сүт өнімдерінің де пайдасы мол. Себебі:  жәрмеңкеге келген адамдардың көбісі зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар. Мұнда жеміс-жидек пен көкөністің  бірнеше түрін кездестіруге болады.