Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ел ағалары мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті дамыту жоспарларымен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ең танымал туындысы «Қан мен тер» трилогиясы 30 шақты шетел тіліне аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытты. Қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан дара тұлға «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған болатын.