Әлем таңғалған алып орда

Әлем таңғалған алып орда

Әлем таңғалған алып орда
ашық дереккөзі
Моңғолияның «Сэлнэн» компаниясының шеберлері жасаған алып киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Киіз үй елдің шығысындағы Дорноговь аймағының Қатынбұлақ ауылындағы Ханги-Мандал бақылау-өткізу пунктінің маңына құрылған. 36 қанатты киіз үйдің жалпы ауданы 1 мың шаршы метрдей болады. Алып орда бір уақытта шамамен 500 адамды сыйдыра алады. Киіз үйдің биіктігі 14 метр, бұл үш қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей. Киіз үйдің басты ерекшелігі – моңғолдың дәстүрлі дизайны мен үйді әзірлеу әдістерінің сақталуы. Үлкен болғанына қарамастан, киіз үйдің төрт бағанасы бар. Киіз үй шетелдік туристер үшін нағыз көзайым болмақ. Қазақстанда да ұлтымыздың мәңгілік жәдігері – киіз үйге құрмет кең қанат жая түсуде. Еске сала кетсек, Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы бағбан жүзіммен көмкерілген киіз үй жасады. Сонымен қатар, қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасап шыққан болатын.