Толассыз жауыннан 11 адам қаза тапты

Толассыз жауыннан 11 адам қаза тапты

Толассыз жауыннан 11 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Иорданияда толассыз жауынның соңы тасқынға ұласты. Соңғы мәлімет бойынша, табиғаттың тосын мінезінен 11 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24». Нөсер аптаның соңына дейін жалғасуы мүмкін екен. Жергілікті билік ойпатты жерде орналасқан ауыл тұрғындарын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге шақырды. Петра қаласында 3 мыңға жуық турист эвакуацияланды. Апатты аймақтағы мектептер мен университеттерде сабақ тоқтатылды.