Шымкентте ВИЧ жұқтырған 44 әйел сәбилі болған

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 44 әйел сәбилі болған

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 44 әйел сәбилі болған
ашық дереккөзі
Биыл Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған әйелдердің 44-і босанған. Бұл туралы Шымкент қалалық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов айтты, деп хабарлайды centralasian.org. Қожахмет Машировтің сөзінше, 44 әйелдің біреуі егіз бала тапқан. Барлық баланың денсаулығы жақсы, ВИЧ жұқтырмаған. "ВИЧ жұқтырған" 13 әйел сәби күтіп отыр. "Соңғы үш жылда ВИЧ жұқтырған әйелдерден 535 бала дүниеге келді. Олар дүниеге келгеннен есепке алынып, бір жарым жыл дәрігердің бақылауында болады. Қазіргі уақытқа дейін есепке алынған 535 баланың 320-сы есептен шығарылды. 15 баладан ВИЧ табылды. Қалғаны әлі тіркеуде тұр" дейді бас дәрігердің орынбасары. Қожахмет Машировтің айтуынша, әйелдердің жүкті кезінде дәрілерді уақтылы ішпегендіктен және жүктілік кезінде емханаға келіп тексерілмегендіктен жаңадан туған балалар ВИЧ жұқтырған. Шымкент қалалық СПИД орталығы Шымкент қаласы және Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған тұрғындарды тіркеуге алады.