Француз жігіті әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Француз жігіті әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Француз жігіті әлемдегі ең қымбат футболшы атанды
ашық дереккөзі
ПСЖ футбол клубының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Спорт-Экспресс сілтеме жасап. Зерттеу орталығы француздың құнын 216,5 миллион еуроға бағалап отыр. Ол Франция ұлттық құрамасында 2018 жылдың әлем чемпионы және турнирдің үздік жас ойыншысы атанды. Сондай-ақ Мбаппе ФИФА нұсқасы бойынша жыл командасына қосылды. ПСЖ құрамында Франция чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. Осы маусымдағы 11 матчта Мбаппе 13 гол салып, 13 ассист жасады. Әлемдегі ең қымбат 10 ойыншы қатарына Харри Кейн (197,3 миллион еуро), Неймар (197 миллион еуро), Мохаммед Салах (173 миллион), Филиппе Коутиньо (171,3 миллион), Лионель Месси (170,6 миллион), Рахим Стерлинг (164,6 миллион), Ромелу Лукаку (164,3 миллион), Деле Алли (163,4 миллион еуро) және Антуан Гризманн (157,7 миллион) кірді. Ал қазіргі "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду тізімге кірмеді. Футболшылардың құнын бағалау кезінде CIES Football Observatory сарапшылары эксклюзив алгоритмді пайдаланады. Онда спортшылардың жасы, қызметі, алаңда жиі ойнауы мен салған голдары, клубтардың және ұлттық командалардың жетістіктері және чемпионат деңгейі ескеріледі.