Алматы 2021 жылы толық цифрлық телевизияға көшеді

Алматы 2021 жылы толық цифрлық телевизияға көшеді

Алматы 2021 жылы толық цифрлық телевизияға көшеді
ашық дереккөзі
Алматыда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық телевизия жобасы енгізілетін болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Цифрлық хабар тарату еліміздің басым бағыттарының бірі. Қазақстанда цифрлық технологияға көшудің кезеңдік жоспары құрылды. Цифрлық телевидениеге көшкен жағдайда теле және радиобағдарламалардың саны көбейеді, бірақ оларды жасауға кететін ресурс азаяды. Сонымен қатар, бұл сала жарнама нарығын дамытуға да септігін тигізеді. Қалалық абоненттер цифрлық сападағы 30 каналды, ауылдықтар 15 каналды көре алатын болады. Цифрландыру жұмыстары үшін абоненттер ақша төлемейді», - деді Қайсар Раздықов. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында байланыс операторларымен арада жұмыс жүргізіліп жатыр. «Цифрландыру жобасы 2021 жылға дейін жалғасады деген жоспар бар. Нәтижесінде 2-3 жылда Қазақстанның барлық өңіріне цифрлық телеарна таралады. Қазақстандықтар абоненттік ақы төлемей-ақ 30 арнаны сапалы режімде көре алады», - деді қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Мұхаметова.