ВИЗАСЫЗ ӘЛЕМ

ВИЗАСЫЗ ӘЛЕМ

ВИЗАСЫЗ ӘЛЕМ
ашық дереккөзі
Осы жылдың 4 тоқсанындағы мәліметтер бойынша Қазақ­стан азаматтары әлемнің 76 еліне визасыз сапар шеге алады. Henley & Partners төлқұжат индексі өз азаматтарын қамтамасыз ететін еркін жүріп-тұру бойынша елдердің халықаралық рейтингісі осылай дейді. Индексте Жапонияның төлқұжаты ең «мобильді» екені көрсетілген. Үш ай бұрын Жапония мен Сингапур бірінші орында тұрды. Жапондар Мьянмаға визасыз кіре алатын болғандықтан, бірінші орынға шықты. Бұған дейін көш бастап тұрған Германия үшінші орында. Оңтүстік Корея мен Франция да осындай көрсеткішке ие. Төртінші орында Дания, Италия, Испания, Финляндия, Швеция елі тұр. Қазақстан үш айда үш сатыға, 69-орыннан 66-орынға көтерілді. Бұған тізімдегі өзге елдердің орны ауысқаны себеп. Жыл басынан бері Қазақстан азаматтары 71 елге визасыз бара алды. Ресей тізімде 47-орында, Әзірбайжан 75-орында. Өзбекстан 82-орында. Индекс 2006 жылдан бері Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен бірлесіп, әлемдегі ең ірі туристік ақпараттық базаны қолданады.