Шымкенттік түрмеге нанның ішіне телефон тығып өткізбек болған

Шымкенттік түрмеге нанның ішіне телефон тығып өткізбек болған

Шымкенттік түрмеге нанның ішіне телефон тығып өткізбек болған
ашық дереккөзі
Шымкенттегі түрмеде жазасын өтеушіге туысы нанның ішіне жасырылған ұялы телефон алып кірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тыйым салынған байланыс құралы сотталушыға әкелген тамақтарды тексеру барысында табылды Әйелдерге арналған ИЧ 167/4  түзеу мекемесі басшысының міндетін атқарушы Сапарғали Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, қатаң тәртіптегі колонияға сотталушының туысы қысқа мерзімдегі кедесуге келген. Оның заттарын қарау кезінде түрме қызметкерлері нанды турап көрген. Сол кезде ұялы телефонмен қатар онығ қуаттағышы, сим картасы табылған. Артынша бұл заттар тәркіленді. Кездесуге келген азаматқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Түзеу мекемесі қызметкерлері заңбұзушылыққа жол берген тұрғынның ісін Қылмыстық-процестік кодексі  бойынша шара қолдану үшін Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық сотына жолданған. Айта кетейік, дәл осыған ұқсас жағдай екі ай бұрын болған. Онда жазасын өтеушінің туысы піскен тауықтың ішіне ұялы телефон тығып келген болатын. Тыйым салынған байланыс құралын түрме қызметкерлері тәркілеп алған.