Өзбекстан Франция азаматтарына визасыз жүйе енгізді

Өзбекстан Франция азаматтарына визасыз жүйе енгізді

Өзбекстан Франция азаматтарына визасыз жүйе енгізді
ашық дереккөзі
5 қазаннан бастап Франция азаматтары Өзбекстан территориясында 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тиісті қаулыға 4 қазанда қол қойды, деп хабарлайды centralasian.org. 8-9 қазанда Өзбекстан президенті Франция президенті Эммануэл Макронның шақыруымен Парижге ресми сапармен барады. Президент жарлығы Өзбекстан мен Франция арасындағы халықаралық қарым-қатынасты оның ішінде мәдени, ғылыми білім беру саласын дамытуға, инвестициялық климат пен туризм саласын жақсартуға бағытталған деп хабарлайды өзбек президенті баспасөз қызметі. Өзбекстандық БАҚ-тың жазуынша, Франциядан Өзбекстанға баратын туристер саны жыл сайын өсіп келеді. Мәселен 2016 жылы бұл көрсеткіш 4889 адам болса, 2017 жылы 5748 адамға өскен. Биылғы жылдың соңғы 8 айында 9172 Франция азаматы Өзбекстанға барған.