Алматыдағы «АRТBAT fest»

Алматыдағы «АRТBAT fest»

Алматыдағы «АRТBAT fest»
ашық дереккөзі
Алматыда Қала күні кең көлемде аталып өтуде. Ару қаланың 1002 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Оның 50-ден астамы – мәдени шаралар. Түрлі фестиваль, көрме концерттерге тек отандық қана емес, шетелдік өнер майталмандары мен суретшілері де арнайы келуде. Соның ішінде, 24 тамызда басталған «АRТBAT fest» фестивалі қыркүйектің 24-не дейін бір ай бойы қала тұрғындарын заманауи өнер туындыларымен тәнті етпек. Алматыда халықаралық «ARTBAT fest» өнер фестивалі тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Паблик-арт жобасы халықаралық еуропалық бағдарламаға негізделген. Оған Франция сәулетшісі Симон Жакмин және словениялық суретші Мартин Брицель Барага жетекшілік етуде. Биылғы фестиваль тақырыбы – «Су ағыны». Көптеген инсталляция тіршілік нәрімен байланысты жасалған. Сәтпаев көшесінен бастап Құрманғазы көшесіне дейін, Есентай өзенініӊ бойында он инсталляция орнатылды. Олардың қатарында интерактивті көпір, музыкалық кинетикалық қондырғы, Арал теңізі мәселесінің мәнін ашатын инсталляция және басқа да көркемдік мәнге ие туындылар бар. Өз жұмыстарын отандық суретшілер ғана емес, Словения, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания және Жапониядан келген суретшілер де ұсынған. «ARTBAT fest» тек паблик-арт қана емес, оның аясында көрме, оқыту алаңдары да жұмыс істейді. Мамыр айынан бастап көркем өнер мектебі қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, Ресей, Үндістан, Әзірбайжан, Швейцариядан келген суретшілердіӊ көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде «Заманауи алматылықтыӊ портреті» атты көркемдік зерттеу жүргізілуде. Оның нәтижесі фестивальде көрсетіледі. Сондай-ақ, Беларусь пен Армения суретшілері фестивальге өз жұмыстарын ұсынды», – деді «АRTBAT fest» фестивалінің директоры Ольга Веселова. Дәстүрлі шара 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында оған 20-дан астам мемлекеттен келген суретші мен кураторлар қатысып, алматылық талғампаз жандарға 300-ден астам заманауи туынды ұсынған.