Сыр өңірінде жанданған санавиация

Сыр өңірінде жанданған санавиация

Сыр өңірінде жанданған санавиация
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында санитарлық авиация қызметі жанданып келеді. Мамандар соңғы 1,5 жыл ішінде айтарлықтай серпілістің байқалғанын айтады. Бүгінде өңірдегі санитарлық авиация қызметі жаңа форматқа көшуі арқылы технологиялық тұрғыдан жетіліп, көрсетілетін медициналық қызметтің де сапасы едәуір арта бастады. Атап айтсақ, қазір Қызылорда облысындағы санитарлық қызметтің барлық автокөліктері GPS құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғы реанимобильдердің қозғалысын бақылап қана қоймай, межелі жерге жедел жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2 жылдан бері Сыр өңірінде санитарлық авиация қызметі мен жедел жәрдем станциялары біріктірілген болатын. Әзірге пилоттық жоба ретінде жүзеге асқан жаңа жүйе аясында оқыс оқиғалар мен жол-көлік апаттары кезіндегі адам өлімі көрсеткіші 38 пайызға дейін төмендеді. Мамандар қызмет сапасының артуына соңғы үлгідегі  реанимобильдердің де септігі тигенін айтады. Жыл басынан бері бұл қызмет  түріне мыңнан астам шақырту түскен. Оның ішінде 80-нен астам жедел  көмекке әуе көліктері арқылы аттанған. Қазіргі уақытта Қызылорда   облысындағы санитарлық авиация қызметінде екі ұшақ және бір тікұшақ бар.