6 Қыркүйек 2018, 12:25 1334 0 Өнер Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Семейде «Абай сөзі» түсірілді

Өзбекстанның кинематографшылары «Абай сөзі» деректі фильмін түсіру үшін Семейге келді.

Игі бастама Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау туралы қаулысы аясында жүзеге асып отыр. Өзбекстан елінің басшысы Ш.Мирзияев бекіткен құжатта ұлы ақын және ойшыл Абай есімі мен мол шығармашылық мұрасы қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарының, оның ішінде өзбек халқының рухани даму тарихында өшпес із қалдырғаны айтылған.

Өзбек тіліндегі «Абай сөзі» деректі фильмнің  мақсаты – көрермендерді ақынның балалық шағы, өскен ортасы, шығармашылығы және мұрағат құжаттарымен жақын таныстыру.

Ташкент қаласындағы Деректі фильмдер студиясының ұжымы Абайдың Семейдегі музейіне келіп, кемеңгер тұлғаға қатысты құнды деректермен танысты. Сондай-ақ, фильм авторлары музейге ақынның өзбек тіліне аударылған шығармалар жинағын және «Абай жолы» роман-эпопеясын тарту етті.

«Студия ұжымы бес күн бойы Семейдегі және Жидебайдағы музейде болып, Абайдың өмір жолы, шығармашылығы туралы түсірді. Фильм осы жылдың соңында шығады деп жоспарлануда», – деді  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің  ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай.

Соңғы жаңалықтар