Қызылордада тұз өндіретін зауыт ашылады

Қызылордада тұз өндіретін зауыт ашылады

Қызылордада тұз өндіретін зауыт ашылады
ашық дереккөзі
Елімізде келер жылдан бастап  Қызылорда облысында тұзды өндіру, өңдеу және байыту кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты. Бұл жобаның құны 2,9 млрд теңгені құрайды. Бастапқыдағы жоспар бойынша өңдеу кешені жылына 100 мың тонна тұз өндіреді деп көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш болашақта 300 мың тоннаға жеткізіледі. Жаңа кешен құрылысы барысында 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Нысан пайдалануға берілгенде зауытта 500 адам қызмет етеді. Жобаны геологиялық барлаумен айналысатын «BSK Қаратау» компаниясы жүзеге асырады.