28 Тамыз 2018, 09:20 1308 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Ресей ауғандық тәлібтердің қатысуымен өтуі тиіс келіссөзді кейінге шегерді

Ресей ауғандық тәлібтердің қатысуымен өтуі тиіс келіссөзді кейінге шегерді. 4 қыркүйекте, Мәскеуде Ауғанстан, АҚШ және тәліб өкілдерінің қатуымен келіссөз өтуі тиіс болған, деп хабарлайды centralasian.org.

Ресей әзірге келіссөзді не себептен кейінге шегергені жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ауғанстан президентінің өкілі Reuters агенттігіне Ашраф Ғани Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенін жеткізген. Мәскеу ресми ауған өкілдері қатысуы үшін, келіссөздің уақыты өзгереді деген.

Өткен аптада Ауғанстан мен АҚШ ауған проблемасына байланысты 4 қыркүйекте өтетін келіссөзге қатыса алмайтынын жеткізген.

AP агенттігі 21 тамызда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың сөздеріне сілтеме жасап, тәлібтер келіссөзге келуге келісті деп хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар