24 Тамыз 2018, 15:39 994 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Бельгия үйілген қоқысты өңдеу жолын тапты

Хабар 24
Хабар 24

Бельгияда тау-тау болып үйілген қоқыс алаңдары мәселесін шешудің жаңа жолдары қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Жергілікті билік олардың барлығын қайта өңдеуді көздеп отыр. Себебі бұл қоқыстар топырақты, суды және ауаны ластап, адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтіруде. Ал жаңа жобаға сәйкес барлық қоқыстар 2 топқа бөлініп өңделетін болады. Біріншісіне пластик, темір, шыны секілді тез өңделетін заттар жатса, екіншісінен, түрлі жолдармен экоцемент алынады. Мамандардың айтуынша, мұндай құрылыс материалы қышқылдығы жоғары және теңіз суының ықпалына жиі ұшырайтын ортада ғимараттарды салуда өте тиімді. Тың жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады. Ал ресми дерекке сүйенсек қазіргі кезде Еуропада 1 жарым миллионан астам қоқыс алаңы бар екен.

«Бұл тәжірибелік жоба. Оның барысында біз жаңа технологияны қолданып, қоқысты бөлудің желісін жасауды көздеп отырмыз. Нәтижесінде жоғары сапалы құрылыс материалдарын алмақпыз», - деді  жобаны үйлестіруші  Питер Джонс .

Соңғы жаңалықтар