Ғарыштан басқарылған құлтемір

Ғарыштан басқарылған құлтемір

Ғарыштан басқарылған құлтемір
ашық дереккөзі
Неміс астронавты Александр Герст ғарыштан Жердегі роботтың жұмысын бақылады. Бұл – осы құлтемірмен жасалған үшінші тәжірибе. Ғалымдардың айтуынша, құлтемір барлық тапсырманы уақтылы және дұрыс орындаған. Енді мұндай көмекшілерді халықаралық ғарыш стансасына орналастыру жоспарда бар. Бұл жұмыстар болашақта адамдар Қызыл планета – Марсқа  барғанға дейін роботтар сол жақта өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған. – Егер біз Марсқа барсақ, бәрі Илон Маск ойлағандай оңай болмайды. Бұл өте қауіпті әрі қиын жоба. Үлкен тәуекелге баруға тура келеді. Адамдарды Марсқа жіберсек, олар Жерге орала алмайды. Бірінші кезекте астронавтарды орбитаға жіберу керек болады. Сосын олар роботтар арқылы эксперимент жасап, инфрақұрылым салуы керек. Тек содан кейін ғана Марсқа адамдарды жіберуге болады, – дейді Роботты техника институты басшысының орынбасары Маркус Гребенштейн.