АЛТАЙДАН ТАБЫЛҒАН «АЛТЫН АДАМ»

АЛТАЙДАН ТАБЫЛҒАН «АЛТЫН АДАМ»

АЛТАЙДАН ТАБЫЛҒАН «АЛТЫН АДАМ»
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан жерінен бесінші «Алтын адам»табылды. 2016 жылы ғана археологтардың назарына ілінген бұл аумақта 300-ден астам көне бейіт пен қорым бар. Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев Алтайдағы «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтқан. Ең бастысы, барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.  «Бұл – біздің заманымызға дейінгі  VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы, Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды», – дейді археолог.  Мамандардың болжамы бойынша, Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтар оның бұрынырақ тонауға түскенін айтады.  «Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек», – дейді ғалым.