БАС ҚАЛАДА - РОБОТТАР БАЛЫ

БАС ҚАЛАДА - РОБОТТАР БАЛЫ

БАС ҚАЛАДА - РОБОТТАР БАЛЫ
ашық дереккөзі
Бұл жоба әлем елдерінің біразында бұрын да таныстырылған. Ол енді Қазақстанның елордасы Астана қаласына да жетті. 7 тамыздан басталған роботтар балы 26 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Бір-бірінен өткен құлтемірлер әлемнің әр түрлі мемлекеттерінен келуде. АҚШ, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерден әкелінген роботтар көрермен көзайымына айналып үлгерді. Айта кетерлігі, кештің басты қонағы – ұлыбританиялық робот гуманоид Теспиан. Бір ғажабы ол тірі адамдай күліп-жылай алады. Сондай-ақ, робот қонақтармен әңгіме-дүкен құрып қана қоймай, Шекспирдің шығармаларын сүйсініп оқиды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робот театрландырылған қойылымдарға да қатысқан. Ағылшын өнертапқыштары актер роботты арнайы ойлап тапқан көрінеді. Теспиан тіпті үлкен сахналарда да өнер көрсеткен. Ән салып, кітап оқитын техниканы «Нұр Әлем» павильонында көруге болады.