Шалқар көліне экологиялық қауіп төнді

Шалқар көліне экологиялық қауіп төнді

Шалқар көліне экологиялық қауіп төнді
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының «інжу-маржаны» саналатын - Шалқар көлінде, ескекпен жүзу қиынға соғып отыр. Себебі оған экологиялық қатер төніп тұр. Орал қаласынан, оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан  көлдің суы күрт азайып барады. Мамандардың мәліметінше, 2 миллиард текше метр судан қазір 1 жарым миллард текше метр қалған. Ұзындығы 18 жарым, ені 15 шақырымдық көлдің ені кей жерлерде 2 шақырымға дейін тартылған. Көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жойылып кеткен. Сазан мен шортан балықтары құрып кетудің аз алдында тұр. Осыған байланысты облыста арнайы комиссия құрылып көлдің жағдайын көзбен көріп қайтты.