Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында 3 жасар қызды мешіт маңынан ұрлап кеткен 56 жастағы ер адам ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні жарты сағаттың ішінде қолға түсірген. «Іле аудандық полициясына 2015 жылғы қыз баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Аталған факті бойынша іздеу жұмыстарына полицияның жеке құрамы толық жұмылдырылып, жедел іздестіру шаралары барысында баланы жетектеп кеткен адамның түр-сипатына бағдар берілді. Сол бағдар бойынша 30 минут ішінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды қолға түсірді. Бала аман-есен ата-анасымен қауышты», -  деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, оқиға 30 шілде күні Алматы қаласы маңындағы ірі елді мекендердің бірінде болған. Сол күні кешке әкесімен бірге мешітке барған қыз баланы белгісіз біреу алып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.