Төле би көшесінің бойындағы заңсыз сауда дүңгіршіктері сүріліп жатыр

Төле би көшесінің бойындағы заңсыз сауда дүңгіршіктері сүріліп жатыр

Төле би көшесінің бойындағы заңсыз сауда дүңгіршіктері сүріліп жатыр
ашық дереккөзі
Шымкентте Жоғарғы базардың жанындағы заңсыз сауда дүңгіршіктерін бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 30 шілде күні таңертең Төле би көшесіне полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен саудагерлер жиналды. Сүрілген 34 сауда нүктесінің орнына қала базарынан орын ұсынылып отыр. Бұл жөнінде сот шешім шығарып, ол 18 шілдеде күшіне енген. Кәсіпкерлерге мүліктерін көшіріп әкетуі үшін біршама уақыт берілген. Төле би көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындарын жою бағытындағы қолға алынған жұмыстардың нәтижесі жұма күні, 27 шілдеде өткен брифингте мәлім етілген. «Шымкент қаласының әкімдігі ретсіз сауда иелері үшін 150 әлеуметтік орын беру туралы «Қырғы базар» ЖШС-ның басшылығымен келісімге келіп отыр. Келісімге сәйкес, аталмыш кәсіпкерлер алғашқы үш ай мерзімінде базар ішіндегі сауда орындарын жалға алудан және салық төлеуден босатылмақ», - деді қалалық ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Бектұрсынов. Айта кетейік, Төле би көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындарының ахуалы бірнеше жылдар бойы өзекті мәселеге айналған еді. Сауда қатарлары мен дүңгіршектер жаяу жүргіншілер жолын, сонымен қатар үлкен жолдың бойын баса орналасып, жол-көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіретін.