Ұрылардың ісі неге сотқа жіберілмейді?

Ұрылардың ісі неге сотқа жіберілмейді?

Ұрылардың ісі неге сотқа жіберілмейді?
ашық дереккөзі
Алматы полициясы ұрылардың ісі неге сотқа жіберілмейтіндігі туралы айтты. Алматы полициясы өткізген брифингте мегаполисте ұрлықпен айналысатын кімдер, олар қылмысы үшін неге қатаң жазаға тартылмайтыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құқық қорғаушылардың айтуынша, заң шығарудағы кейбір  кемшіліктердің кесірінен автокөлік ұрылары жазадан оңай құтылып кетеді екен. «Егер біз қылмыскерді ұстап, заттық айғақтарды тапсақ дереу жауап аламыз. Оны кінәлі деп тапқан соң кепілдікпен босатамыз. Немесе ешқайда шықпайтыны туралы қолхатпен жібереміз»,-деді ІІД Бөтеннің мүлкін ұрлауды әшкерелеу бөлімінің басшысы Алексей Стрельцов. Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.  2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.  Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.