Халықаралық армия ойындары – Отарда

Халықаралық армия ойындары – Отарда

Халықаралық армия ойындары – Отарда
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасы аумағында Армия халықаралық ойындары өтпек. Ойындардың аясында «Сұңқарды аңға салу», «Артиллерия отының шеберлері» пилотсыз ұшу аппараттарының жарыстары және «Сенімді тәсіл» әскери байланысшылар байқауы ұйымдастырылады. Армия ойындары - халықаралық ауқымдағы бірегей шара. Әскери ойындар көпшіліктің қызығушылығын тудыру арқылы халықаралық әскери қауымдастықтың, тәжірибе алмасудың жаңа символына және бейбітшілік пен келісімнің кепіліне айналды. Жыл сайын армия ойындарының бағдарламасына байқаулардың жаңа түрлері енгізіледі. Олардың өткізілетін географиясы кеңейіп, қатысушы елдер саны артып келеді. ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, биылғы жылы Армия ойындары әртүрлі байқаулар бойынша Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран  және Қытай елдерінде өтеді. Қазақстандық әскери қызметшілер Армия халықаралық ойындарының 28 байқауының 14-іне қатысады.