Ең қымбат спорт клубы

Ең қымбат спорт клубы

Ең қымбат спорт клубы
ашық дереккөзі
Forbes журналының нұсқасы бойынша Ұлттық футбол лигасындағы "Даллас Ковбойс" әлемдегі ең қымбат спорт клубы. "Ковбойлар" бұл тізімде үшінші рет қатарынан бірінші болып отыр. Клубтың құны 4,8 миллиард доллар. Бір жылда оның құны 14 пайызға өскен. Екінші орында "Манчестер Юнайтед", оның құны 4,1 миллиард доллар. Осылайша, ол ең қымбат футбол клубы атанып отыр. Үшінші орында "Реал" - 4,09 миллиард және төртінші - "Барселона" (4,06 миллиард доллар). Forbes рейтингінің алғашқы ондығына кірген клубтар: 5. "Нью-Йорк Янкиз" (бейсбол, 4 миллиард), 6. "Нью-Ингланд Пэтриотс" (америкалық футбол, 3,7 миллиард), 7. "Нью-Йорк Никс" (баскетбол, 3,6 миллиард), 8-9. "Лос-Анджелес Лейкерс" (баскетбол, 3,3 миллиард) және "Нью-Йорк Джайентс" (америкалық футбол, 3,3 миллиард), 10-11. "Голден Стэйт Уорриорз" (баскетбол, 3,1 миллиард) және "Вашингтон Редскинс" (америкалық футбол, 3,1 миллиард). Ең қымбат 50 спорт клубының 29-ы Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететді. Сегізі - Ұлттық баскетбол қауымдастығынан. Алтауы -  Бейсболдың бас лигасынан (MLB).