Ирак Елекеев жаңа қызметке тағайындалды

Ирак Елекеев жаңа қызметке тағайындалды

Ирак Елекеев жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Астанада Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасы Президиумының кезекті отырысы өтті. Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының басқару органы болып табылатын Президиум отырысы барысында жаңа Басқарма төрағасы болып Ирак Елекеев тағайындалды. Бұл жолғы тағайындауда президиум мүшелерінің дауыстары сарапқа салынған. Соның нәтижесінде жеке сот орындаушылар институтының жаңа басшысы болып әділет саласының ардагері Елекеев Ирак Қасымұлы 3 жыл мерзімге сайланды. Бұл туралы жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Ирак Қасымұлы атаулы инстиутты құрудың бастамашысы, әрі Қазақстандағы сот актілерін орындаудың жеке моделін ендірудің қозғаушысы ретінде танымал.