Алматы Астана күніне 20 метрлік торт тарту етпек

Алматы Астана күніне 20 метрлік торт тарту етпек

Алматы Астана күніне 20 метрлік торт тарту етпек
ашық дереккөзі
Алматы жұртшылығы биыл Астана күнін ерекше атап өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін  арнайы бағдарлама дайындалған.  Оның аясында көрмелер, конкурстар, спорт сайыстары және басқалары ұйымдастырылады. 3 шілдеде 11:00-де метроның «Байқоңыр» бекетінде «Менің елімнің бас қаласы» фотокөрмесі, Жібек Жолы бойында 11.00-де «Құрақ қөрпе» тігуден шеберлік сабағы ұйымдастырылады. Бұдан өзге сағат 17:00-де Жас суретшілер орталығында FOYA Жас суретшілердің алғашқы фестивалі ашылады. Мұнда шынайылық элементтері айшықталған Қазақстандағы бірінші көрме көпшілікке ұсынылады. Көрермендер өнермен тек визуалды ғана танысып қоймай, сонымен қатар өз гаджеттері арқылы да көріп білетін болады. Бұл үшін «Өнер up» қосымшасы жасалды. Ол өнерді цифрландыру құралы болумен қатар арт обьектілерді «тірілтіп»  көрсетеді.  FOYA  фестивалінің  арқасында көпшілікке қолжетімді «Өнер Place» - галереясын тамашалауға болады. Оған жас суретшілер өз шығармаларын тегін қоюмен қатар өнер мен ғылым жайында лекциялар да тыңдайды. Көрмеге жас суретшілер Repas, Shaman Neon, Pamamurty, Tig crew, Алмаз Нұрғожаев және басқаларының картиналары қойылады. 4 шілдеде 11.00-де Жібек жолы бойында «Мүмкіндіктер уақыты» бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Оған 150 жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам бос орын ұсынылады. Қала әртістерінің қатысуымен концерт, «Астана жүрегімде» флешмобы, «Паlauparty» палауын ұсыну, «Асыл қазына» және «Ел жүрегі - Астана» фотокөрмесі, мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы жандар жасаған «Ата өнері - ұрпаққа мұра» атты қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін  астананың мерейлі жасына орай арнайы жасалған 20 метрлік торттан дәм татуға мүмкіндік бар. Осы күні 11:00-де Панфилов көшесінде Open air Art gallery «Astana 20 year» өтеді. 5 шілдеде 11:00-де Алатау ауданы әкімдігінің ғимараты жанында, Әуезов ауданындағы «Гранд парк» ОСО-да, Медеу ауданындағы ОДМС-да, Түрксіб ауданындағы «МАРТ Vilage» ОСО-да мерекелік әншашулар  ұйымдастырылады. 6 шілдеде сағат 11:00-де  Алмалы ауданындағы Жібек Жолы бойында, Бостандық ауданындағы «MEGA Center» ОСО-да, Жетісу ауданындағы «Гүлдер» паркінде, Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимараты жанында да  мерекелік концерттер ұйымдастырылады. «Астана» алаңы бас концерт ошағына айналады. Мұнда сағат 18:00-де отандық эстрада жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына «Астана - бас қала» концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұдан өзге, 6 шілдеде 17:00-де Панфилов көшесінде асфальтқа сурет салу конкурсы, жастардың Art Party өтеді. 7 шілдеде 12:00-17:00 аралығында ең кішкентай көрермендер Панфилов көшесі бойында қуыршақ театрының «Zoo show» қойылымын тамашалай алады. 16:00-де ҚазМемциркте  цирк көріністері өтеді. 17:00-де «Алатау» Дәстүрлі өнер театрында «Ұлы дала елі» халықаралық этнофестивалі өтеді. 8 шілдеде таңғы 5:00-де спортшылар, қала тұрғындары «Шымбұлақта», «Нұрсұлтан» шыңына дейін альпиниадаға қатысатын болады. Жексенбіде 9:00-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығында  веложарыс басталады. Мерекелік шаралар 20:00-де Жібек жолы бойында өтетін  жастар концертімен қорытындыланады.