Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр

Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр

Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр,  деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. Өрт 28 маусымда шамамен таңғы сағат 06.00-де басталған. Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, Тәттімбетов көшесі, № 282 үйдегі қойма ғимараттарынан өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ангарлық типтегі қоймалардан өрт шыққан. Өрттің аумағы - шамамен 3 000 шаршы метр. Өртті сөндіруге Алматының Өрт сөндіру қызметінің 75 қызметкері мен 20 дана техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайды жоюға тікұшақ жіберілді. Кейінірек қосымша мәлімет беріледі", - деп хабарлады ведомство өкілі.