Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев ұсталды

Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев ұсталды

Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев ұсталды
ашық дереккөзі
Иранда деректі кино түсіретін қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. "Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Көп болды сол жақта жүргеніне. Енді ғана біліп отырмын. Ешқандай да мән-жайын білмеймін. Оны ұстап, барлық құрал-жабдығын тәркілепті. Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірген, енді Иранға барған", - деді Әлішер Елікбаев. Оның айтуынша, Бейсекеевтен бірнеше мың доллар тұратын құрал-жабдығы тәркіленген.