Сүрінгендерге сүйеу болған жоба

Сүрінгендерге сүйеу болған жоба

Сүрінгендерге сүйеу болған жоба
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық филиалында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған және межелік балл жинай алмаған мектеп түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша жиын өтті. Түлкібас аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Махан Тұрғынбеков ҰБТ-ға қатысудан өз еркімен бас тартқан мектеп түлектері туралы баяндады. «2017-2018 оқу жылында Түлкібас ауданында 1190 оқушы мектепті бітіреді. Оның 932-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Яғни, мектеп бітірушілердің 77 пайызы. 258 оқушы өтініштерінің және ата-аналарымен сұхбаттасу негізінде тестілеуге қатыспайтындықтарын білдірді. Қазіргі таңда жаңа форматта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық жұмыстары толық жүргізілген және тестілеу мерзімінің келгенін күтіп отырмыз», – деді ол. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Әскербек Ибраимов ҰБТ-дан межелік балл жинай алмаған, тестілеуге қатыспаған мектеп түлектерін жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды. Орталық директоры «Нұр Отан» партиясының мектеп бітіруші жастарға қамқорлық жасап, оларды жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған партиялық жобасы бойынша нақты жұмыстардың бірнеше жылдан бері атқарылып келе жатқанын айтты. «Өткен жылы да «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында тестілеуден өте алмаған жастарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар атқарылған. Қазіргі таңда тестілеу әлі өткізілген жоқ, яғни біз қанша оқушының бұл сынақтан өтетінін не өтпейтінін білмейміз. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар бірқалыпты деңгейде жүргізіледі», – деді Ә.Ибраимов. – «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасы бес жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба тиімділігін дәлелдеді. Өткен жылдан бері жоба қосымша өзгерістермен толықтырылды. Қазіргі таңда үш бағытта жұмыс жасап келеміз, – деді Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов.