Пойыз апатынан зардап шеккендерге өтемақы ҚТЖ-мен келісім арқылы төленеді

Пойыз апатынан зардап шеккендерге өтемақы ҚТЖ-мен келісім арқылы төленеді

Пойыз апатынан зардап шеккендерге өтемақы ҚТЖ-мен келісім арқылы төленеді
ашық дереккөзі
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадан Алматыға бара жатқан пойыз вагондарының теміржолдан шығып кетуіне қатысты "Отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі" форумынан кейін пікір білдірді - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  "Комиссияның басшылығы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бері эксперименттік шаралар жүргізілді. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі нұсқалдар сөз болып жатыр. Осы орайда бүгінгі эксперимент барысында пойыздардың жанама соқтығысуы алдын ала расталмады. Қазіргі кезде барлық себептер зерделенуде" - деді министр. Ол оқиға болған аумақта пойыз жүрісі қалпына келтірілгенін атап өтті. "Ол жерде екі бағыттық жол, бірімен тасымал жүргізіліп жатыр. Кестеден қалып жатқан жоқ. Ал жолдарды жөндеу жұмыстары бүгін басталады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ресми түрде барлық материалды береміз", - деді Жеңіс Қасымбек. Сонымен қатар, ол арнайы комиссияның пойыз машинисінің әрекеті қаншалықты дұрыс болғанын тексеріп жатқанын айтады. "Барлық теміржол составына жөндеуаралық және өзге де шаралар жүргізіледі. Бұл талаптар өте қатаң орындалады. егер пойыз теміржолға қойылса, техникалық тұрғыда дұрыс болған", - дейді Қасымбек, пойыздың жағдайы туралы сұраққа жауап беріп. Министрдің айтуына қарағанда, зардап шеккендер мен қаза болған азаматқа өтемақы ҚТЖ-мен бірлесіп төленеді. «Зардап шеккендер мен қаза болған адамға қатысты өтемақы бойынша шешім ҚТЖ-мен бірлесе жасалады. Жалпы, тексеру шаралары тиісті уақытты қажет етеді», - деді Жеңіс Қасымбек. Мұнымен қоса ол комиссия өкілдері пойыз машинисінің іс-қимылдарына да баға беретінін жеткізді. «Кез келген көлік құралы, яғни теміржол жолаушылар құрамы міндетті түрде қажетті жөндеу жұмыстарымен және басқа да шаралармен қамтылады. Атап айтқанда, бұл талаптар қатаң түрде орындалады. Егер де пойыз жолға шықса, онда осы көлік техникалық тұрғыда дұрыс болғанын білдіреді», - деді Жеңіс Қасымбек. Еске салайық, 17 маусым Жамбыл облысында № 9 Астана мен алматы арасында қатынайтын "Бәйтерек" пойызы Шу станциясы маңында теміржолдан шығып кеткен. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шегіп, 12 жастағы бала мерт болды.