16 Маусым 2018, 14:46 1647 0 Өнер Назым Тойлыбаева

«Оскар» сыйлығының иегері Жюльет Бинош Астанада шеберлік сағатын өткізеді

BERLIN, GERMANY - DECEMBER 09: Juliette Binoche attends the European Film Awards 2017 on December 9, 2017 in Berlin, Germany. (Photo by Tristar Media/WireImage)
BERLIN, GERMANY - DECEMBER 09: Juliette Binoche attends the European Film Awards 2017 on December 9, 2017 in Berlin, Germany. (Photo by Tristar Media/WireImage)

Елордада «Астана» ІІ бүкіләлемдік театр фестивалі бастау алды, деп хабарлайды Хабар 24.

13 елден келген ұжымдар қала тұрғындары мен қонақтарына 2 апта бойы 18 қойылымды паш етеді. Ең бірінші болып «Қыз Жібек» мюзиклі көрсетіледі. Кейін көрермендер Италия, Литва, Польша, Ұлыбритания труппаларының өнерін тамашалай алады. Шараға «Оскар» сыйлығының иегері және Канн фестивалінің жеңімпазы Жюльет Бинош қатысады. Актриса келушілерге шеберлік сағатын өткізеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, театр фестивалі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Асхат Маемиров, Қазақстан театрлары қауымдастығы президентінің орынбасары: - Еуропа театры қандай десек, Италиядағы Жорж Стреллер, Пикало театр де Милано, былайша айтқанда, авторлық театр. Осындай театрлардың арасында Қазақстанның болмысын қалай қалыптастырамыз деген, біз оларды көріп отырып үйренеміз. Біздің мамандар оны көреді. Өседі. Ой бөліседі.

Соңғы жаңалықтар