Швейцария Гүлнара Каримованың миллиондары туралы мәлімет бермейді

Швейцария Гүлнара Каримованың миллиондары туралы мәлімет бермейді

Швейцария Гүлнара Каримованың миллиондары туралы мәлімет бермейді
ашық дереккөзі
Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованың Швейцария банктерінде құлыпталған 800 млн швейцариялық франкті (810 млн доллар) Ташкентке қайтару мәселесі шешілген, деп хабарлайды centralasian.org Есімі құпия сақталғанын қалаған швейцариялық шенеуніктің мәліметіне қарағанда, Берн билігі бұл қаражатты тезірек Өзбекстан үкіметіне қайтарып беруге мүдделі болып отыр. "Келіссөздер ұзаққа созылды. Бұл ақшаға таласушылар көп: Өзбекстан үкіметі, АҚШ және Zeromax компаниясы. Каримова қаржы қылмыстарын жасады деп есептейтін АҚШ әділет министрлігі қаражаттың бір бөлігін алуы мүмкін. Zeromax несиегерлері бұл компания Каримоваға қарайтынын дәлелдей алған жоқ", – деді ол. "Озодлик" мәліметі бойынша, Швейцария үкіметі бұл ақшаның Өзбекстанға тиесілі екеніне көз жеткізіп отыр. Швейцария үкіметі бұл іске қатысты мәліметтерді жариялаудан бас тартты. Соңғы мәрте Гүлнара Каримованың тағдыры туралы ақпаратты Өзбекстанның Бас прокуратурасы 2017 жылы 28 шілдеде жариялаған. Бас прокуратураның хабарлауынша, 2015 жылы тамызда Ташкент соты Каримоваға 5 жыл еркіндігін шектеу туралы шешім шығарған. Оған салық төлеуден жалтару, жалған құжаттар жасау айыптары тағылған. Кейін Өзбекстанда Каримоваға қарсы тағы бір іс ашылды. Бұл жолы президент қызына алаяқтық, кеден заңдарын бұзу, қылмыстық жолмен мүлікті заңдастыру айыптарын тағып отыр.