Елімізде 4600 мемлекеттік қызметкер қысқаруы мүмкін

Елімізде 4600 мемлекеттік қызметкер қысқаруы мүмкін

Елімізде 4600 мемлекеттік қызметкер қысқаруы мүмкін
ашық дереккөзі
Елімізде кадрлық іс-қағаздарын жүргізу мен еңбекақыны есептеу бойынша қызмет көрсету орталығын іске қосқан соң 4600 қызметкерді оңтайландыру арқылы жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Оңтайландыру мақсатында кадрлық іс-қағаздарын жүргізу мен еңбекақыны есептеу бойынша қызмет көрсету орталығын іске қосамыз. Содан соң 50 мемлекеттік қызметкерді қысқарту арқылы агенттікте жылына 180 млн теңгені қосымша үнемдеуге болады деген нәтижені күтіп отырмыз. Апробация жүзеге асқан жағдайда бұл жобаны барлық мемлекеттік аппаратта іске қосамыз. Алдын ала есептеулер бойынша, 4600 қызметкерді қамтитын оңтайландыру жылына 5,5 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді мекеме басшысы Астанада өткен мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда. Шпекбаев осыған дейін орталық аппараттағы штат санының үштен бір бөлігін қысқарту арқылы қызметкерлердің жалақысын 60% дейін көбейткенін айтқан болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша пилоттық жоба олардың жалақысын екі есеге дейін көбейтуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Ол мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру нәтижесінде оларды іріктеудегі бәсекелестік арта түскенін мәлімдеді. «Пилоттық органдарда былтыр бір орынға 2 үміткерден келді. Ал биыл 50-ден астам үміткер бір орынға таласып отыр», - деп сөзін түйіндеді Шпекбаев. Агенттік басшысы мемлекеттік қызметкерлерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда жеңілдіктер берілуі мүмкін екенін айта кетті. Президенттің бес бастамасына сәйкес ТҚЖБ мемлееттік қызметкерлерге арналған «5-5-25» бағдарламасын әзірлеуі мүмкін.