Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқара алады

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқара алады

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқара алады
ашық дереккөзі
Қазақстан парламентінің сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өмір бойы Қауіпсіздік кеңесін басқаруға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Парламент қабылдаған заң жобасы конституциялық консультативті-кеңесші орган - Қауіпсіздік кеңесінің мәртебесін қайта қарайды. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа тұңғыш президент әрі "Ұлт лидері" ретінде Қауіпсіздік кеңесін жаңа президент тұсында да өмір бойы басқаруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік кеңесі төрағасына қауіпсіздік кеңесін басқару, отырыстары мен жедел жиналыстарын шақыру, Қауіпсіздік кеңес туралы жағдайды бекіту, сонымен бірге заңнамада қарастырылатын өзге өкілеттерді жүзеге асыру өкілеттігі берілмек. Заң жобасында қауіпсіздік кеңесінің мәртебесі қайта қаралған, кеңес консультативтік органнан конституциялық органға айналады. Жобада Қауіпсіздік кеңесіне елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттін қамтамасыз ету ғана емес, "ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, халықаралық аренада елдің конституциялық құрылымы мен ұлттық мүдделерін қорғау" жауапкершілігі де жүктеледі. Құжатқа сай Қауіпсіздік кеңесінің құрамын президент кеңес төрағасының келісімімен жасақтайды.