40-қа жуық адамды сан соқтырған  жалған риелторлар ұсталды

40-қа жуық адамды сан соқтырған  жалған риелторлар ұсталды

40-қа жуық адамды сан соқтырған  жалған риелторлар ұсталды
ашық дереккөзі
Өскеменде 40-қа жуық адамды сан соқтырған  жалған риелторлар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, алаяқтық топ 3 әйелден құралған. «OLX» сайты арқылы пәтер жалдаушылармен байланыс орнатып, әрқайсынан 8000 теңге түсіріп келген. Анар деген атпен жарнама орнатқан жалған риелторлар пәтер іздеп жүрген жандарға жалға баспана беретін адамдар туралы ақпарат ұсынуы керек болған. Ол үшін алдын ала келісімшартқа отырып, көрсетілетін қызмет үшін 8000 теңге талап еткен. Келісімшарттың күші 10 күнге ғана жететінін клиенттер құжатқа қол қойған кезде ғана біліп отырған. Ең сорақысы, реиолтарлар берген байланыс нөмірлерінің барлығы жалған болып шыққан. «Клиенттерді келісімшарт күшін жойғанға дейін алдаусырата тұру үшін Whats Арp мессенджері арқылы қолдан жасалған хабарландырулар жіберіп отырған. Полиция қызметкерлері 25, 29 және 31 жастағы үш әйелді ұстады. Өткен жылдың қазан айынан бері олардың алаяқтық әрекетінен 40-қа жуық адамның зардап шеккені анықталды. Күдіктілердің үстінен «ұйымдасқан алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген департаменттің баспасөз мәліметінде.