Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру туралы партиялық тыңдаулар өтті. Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның мүшесі Әміржан Нәбиев бағдарламаның орындалу барысына тоқталды. – «Нұр Отан» партиясына бағдарлама  шеңберінде белсенді қызмет атқарып, қойылған міндеттерді іске асыру керек екендігін партияның Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше атап өткен болатын. Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруға байланысты  жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасының талаптарын ескере отырып, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына өзгертулер ұсынылды. Бұл бастаманы жүзеге асыру тұрғын үй құрылысы индустриясын дамытуға үлкен серпін береді және тұтастай алғанда ел экономикасының одан әрі өсуіне ықпал етеді, – деп атап өтті Ә.Нәбиев. Отырыста қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Айтмағамбетовтің, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Кенжебековтың мердігерлік ұйымдардың «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру туралы есептері тыңдалды. Жиналыс барысында «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасының аясында Алатау ауданындағы  Саялы, Саялы-2 ықшам аудандарындағы инфрақұрылым нысандары бойынша көшпелі комиссия отырысының қорытындылары жария етілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласында 2018 жылы қаңтар-сәуір айының аралығында 346,4 мың шаршы метр  немесе 3147 пәтердің ( 48,5%-ға өсті) құрылысы аяқталды. Жалпы аумағы 402,6 мың шаршы метрді құрайтын 111 үйдің, яғни 5951 пәтердің құрылысы жалғасуда. Мемлекеттің қамтуы арқылы жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру мақсатында ЕДБ-ға субсидиялар беріледі.  «Даму» КДҚ» АҚ арқылы үй салушыларға субсидиялар бойынша ЕДБ несиелері бойынша жылдық кредиттер сыйақы төлемдері 7 пайыз шегінде бекітілген. Алматы қаласы бойынша субсидиялауды алу үшін сыйақы төлемдері ипотекалық жалға алу бойынша «ҚИК» АҚ-ға 452 өтініш түсті. Оның ішінде 424-і мақұлданды.