Кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді 

Кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді 

Кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді 
ашық дереккөзі
Павлодарда өрт шыққан бір бөлмелі пәтерден үш адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Оқиға кеше сағат 20.54-те орын алды. Қатаев көшесі, 11 үйдің бір бөлмелі пәтерінде кір жуу машинасы тұтанып, киімдер жанған. Сол уақытта үйде болған 39 және 47 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен саты арқылы сыртқа шығарылды»,  – деді  департаментте. Салдарынан ысты газбен уланған үш адам жедел жәрдем көлігімен №1 қалалық ауруханаға жеткізілген, алайда медициналық көмектен бас тартқан. Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан. Қазіргі таңда қызыл жалынның келтірген шығын көлемі анықталуда. Қызыл жалын 10 шаршы метр жерге тараған. Үйдегі 75 адам сыртқа  құтқарушылардың көмегінсіз шыққан.  Оның  25-і - бала. Тілсіз жауды ауыздықтауға бес өрт сөндіру машинасы мен 18 өрт сөндіруші жіберілген.