Қапшағайда екі адам көлік ұрлаумен айналысты деген күдікпен ұсталды

Қапшағайда екі адам көлік ұрлаумен айналысты деген күдікпен ұсталды

Қапшағайда екі адам көлік ұрлаумен айналысты деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Қапшағай қаласында  екі адам көлік ұрлаумен айналысты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазір ұсталғандардың 7 көлікті ұрлағандығы дәлелденіп отыр. Ондағы жеті көліктің алтауы «Мерседес» маркалы, ал біреуі «Митцубиси». Машиналар 2017 жылдың желтоқсанынан биылғы жылдың мамыр айы аралығында ұрланған.  Қазір күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - дейді Қапшағай қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция капитаны  Азамат Тұрғынбаев. Анықталғандай, ұрланған көліктердің басым бөлігі табылып, заңды иелеріне қайтарылған. Ал күдікті ретінде тергеліп жатқан екеу Талғар ауданының тұрғындары. Осы факті бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Іспен Қапшағай қалалық ІІБ тергеушілері айналысуда. «Жыл басынан бері Қапшағай қаласында ұрлықпен айналысатын 6 топ ұсталды. Олардың дені  пәтер тонау сынды  ұрлықпен айналысқан», - деп толықтырды облыстың полицейлері.