Маңғыстау облысында полиция жолдарды дронмен бақылайды

Маңғыстау облысында полиция жолдарды дронмен бақылайды

Маңғыстау облысында полиция жолдарды дронмен бақылайды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысындағы өңірлік және республикалық маңыздағы жолдарды полицейлер қашықтықтан басқарылатын ұшу аппараттарымен бақылауға көшті, деп хабарлайды 24.kz Фото және бейне-бақылау камераларымен қамтылған дрондар жол ережесін бұзған машинаның номерін Ақтаудағы процессуальдық орталыққа жүктейді. Кейін айыппұл түбір-тегі, көлік иесінің мекенжайына пошта арқылы жіберіледі. Пилотсыз ұшу аппараттары 50 шақырым қашықтыққа 2,5 сағатқа дейін ұша алады. Сондай-ақ екі кило-метр биіктікке көтеріліп, сағатына 110 шақырымға дейін жылдамдықпен самғайды. Озық технология қазір Ақтау-Жаңаөзен, Ақтау-Сайын Шапағат трассалары бойында қолданылуда. Ал 4 мамырдан бері қала көшелерінде «Скат» мобильді бейнежазу құрылғысы пайда болды. Жолдағы тәртіпті бақылайтын құрал тәулік бойы бірнеше орынға ауыстырылып тұрады.