Киелі орындарға QR код орнатылды

Киелі орындарға QR код орнатылды

Киелі орындарға QR код орнатылды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласына 3 айда 300 мыңға жуық турист келген, деп хабарлайды Хабар 24 Рухани астанаға табан тірегендердің 5 мыңға жуығы шетел азаматтары. Ал елімізге келетін меймандарға жағдай жасау үшін өңірде туризм және сыртқы байланыстар басқармасы құрылды. Ондағы мамандар киелі орындарға QR код орнатуда. Бұл цифрлық құжат нысан туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. «Әрі кез келген азамат үш тілде мәлімет ала алады», – дейді туризмге жауаптылар. Олжас Шынтаев, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы: - Бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы ақпарат бізде үлкен көлемде бар. Ал біз оны ықшамдап, QR код кіргіздік. Керек адам өзіне толық мағлұматты ала алады.