Мұнайдың  әлемдік  бағасы көтерілді

Мұнайдың  әлемдік  бағасы көтерілді

Мұнайдың  әлемдік  бағасы көтерілді
ашық дереккөзі
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді. Сауда қорытындысына сәйкес Brent маркалы мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,26 долларға жоғарылап, баррелі 73,62 доллар болған. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны маусым айындағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,5 долларға қымбаттап, баррелі 68,43 долларға жетті.