Тәжікстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобус рейсі ашылады

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобус рейсі ашылады

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобус рейсі ашылады
ашық дереккөзі
Өзбекстан мен Тәжікстан арасында жолаушылар автобусы 15 мамырдан қатынай бастайды. Бұл жөнінде «Азиа экспресс» кәсіпорнының директоры Султон Камолов мәлімдеді. Оның сөзінше, тәжік тарабы дайын, тек өзбек тарабы билет құнын әлі анықтап жатыр. Камолов келісімге сәйкес, алдымен жолаушылар автобусының билет құны анықталу тиіс дейді. Одан кейін Худжанд-Ташкент және Пенджикент-Самарқан бағытында жолаушылар автобусы ашылады. Тәжікстанның көлік министрінің орынбасары Шерали Ганджалзоданың сөзінше, екі елдің магистралды жолдары жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесіне сәйкес келгенімен, бірқатар жерлерге қосымша ақпарат белгілерін орнату керек. Екі ел басшысының келісіміне сәйкес, Душанбе-Термез, Бохтар-Денау, Пенджикент- Самарқан және Пенджикент-Бұхара, Худжанд-Ташкент пен Канибадамнан Ферғана жазығына қатынайтын жолаушылар автобусы ашылу керек. Тәжікстан тарапынан «Азия экспресс» кәсіпорны аталған бағыттарға арнайы жаңа автобустар сатып алған. Тәжік билігінің мәліметі бойынша, бүгінде күніне он мыңнан астам тәжікстандықтар Өзбекстанға қатынайды.