Қазақстандағы барлық медициналық ЖОО студенттерінің құжаттары тексеріледі

Қазақстандағы барлық медициналық ЖОО студенттерінің құжаттары тексеріледі

Қазақстандағы барлық медициналық ЖОО студенттерінің құжаттары тексеріледі
ашық дереккөзі
Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің құжаттары жаппай тексерілетін болды. Осылайша тәлімгерлер құжаттарының қаншалықты түпнұсқа екені анықталмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министрліктің мұндай шараға баруына елордадағы медициналық университеттің 117 студенті жалған IELTS сертификатын жасатқаны  себеп болды. Сала басшысы осы жағдайға байланысты пікір білдіріп, тиісті шешім қабылданғанын айтты. "Білім және ғылым министрлігімен бірігіп, басқа қажетті зерттеу, тексерістер басқа жоғарғы білім беру ұйымдарында өткіземіз. Әрине, бұл – жаман жағдай. Оның үстіне денсаулық сақтау саласындағы әріптестеріміз үшін өкінішті жағдай. Бірақ жүйелі мәселе. Біз денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасын көтеру үшін осы оқу мәселені, ағылшын тілін өткізуіміз керек. Қазір арнайы шара қабылдап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, бұрыннан қазақ, орыс топтары болды. Бірақ келешек дәрігерлер үш тілде бірге оқу керек", - деді Елжан Біртанов.